"Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жуалы аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
0
Жуалы орталық ауруханасының қызметкерлері арасында 2023 жылдың 17 қазанында жиналыс өтті

Жиналыс барысында қызметкерлерге аурухананың бас дәрігері Б.Усенбаев 2023 жылдың қыркүйек айында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің Жамбыл облысы бойынша депертаменті мен Жамбыл облысының әкімдігімен Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу туралы БІРЛЕСКЕН ӨКІМ және БҰЙРЫҚ шыққанын хабарлады.
Осы бұйрыққа байланысты жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобының мүшелері белгіленген уақыт аралығында облыс аумағында Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау үшін сыртқы талдау жүргізетінін аурухана қызметкерлерін хабардар етті.
Сонымен қатар, арухананың бас дәрігері Б.Б.Усенбаев бүгінгі таңда басты назар сыбайлас жемқорлықтың алдын - алу, сыбайлас жемқорлықтың салдары, сыбайлас жемқорлықтың қоғам өмірінің түрлі салаларына тигізетін кері әсері туралы мәселелерінде екендігін атап өтті.