"Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жуалы аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
0
​Жастар темекі шегуге қарсы
 

Жастар темекі шегуге  қарсы
 
 
Бүгін халықаралық темекіден бас тарту күні. Осыған орай Жамбыл облыстық онкологиялық диспансерінде елімізде ерікті жастар бастамасымен флэш-моб  ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты - денсаулыққа шылымқорлықтың зиянды әсері туралы халықты ақпараттандыруды арттыру, халықты темекі шегуді төмендетуге, салауатты өмір салтын ұстануға, азаматтардың өз денсаулығына және заңдарды орындауға жауапкершілігін арттыруға бағытталған әрекеттерге жұмылдыру.
Бастапқыда балалық ермек, кейін жаман әдет, одан кейін айықпас ауру – темекі деген тентекке құмарды тура өлімге жетелейтін ең қысқа жол.  Қорап сыртындағы ескертпе мәтінімен бірге шылымқұмардың тәбетін қашыратын қорқынышты суреттер де елеу емес болар емес.
ДДҰ-ның мәліметтері бойынша әр алты секунд сайын темекі бір адамның өмірін жалмап, жыл сайын темекі шегу 5,4 миллион адамның өлімінің себебі болады. 2030 жылға темекінің салдарынан жылына 8 млн дейін артады. Темекі шегу адам денсаулығына көптеген зиян келтіреді, темекі түтінінің өзі нашар сезіну және ауыру сезімін тудыра отырып, барлық ағзалардың қызметіне әсер етеді, ол өз кезегінде асқынған аурулардың дамуын тудыратын тетік болуы мүмкін.
2015 жылы ҚР ДСӘДМ Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары ұлттық орталығымен өткізілген 6-шы Ұлттық зерттеудің статистикалық мәліметтеріне сәйкес 11 жастан асқан тұрғындардың 18,3 %-ы темекі шегеді, 2012 жылғы 5-ші Ұлттық зерттеудің статистикалық мәліметтерімен салыстырғанда (26,5%) темекіні тұтынудың таралуының 1,4 есеге төмендеу беталысы байқалуда. Шегілмейтін темекі бұйымдарын (шайнайтын темекі, иіскейтін темекі,  насыбайды) қалалық жерде тұратын тұрғындар 1,2 есеге (4,7%-ға қарағанда 5,8%) көп тұтынады. Сонымен қатар, қала тұрғындары күнделікті қорқор, сондай-ақ электронды темекілерді 1,6 есе көп шегеді.
5-ші әлеуметтік зерттеу мәліметтерімен салыстырғанда (қалада - 27,1%-ден 39%-ға, ауылда - 27,1%-дан 38,6%-ға) балалар арасында пассивті шылым шегудің үлесі 1,4 есеге артқаны анықталды. Қаладағы балалар арасында темекі шегудің таралуы ауылдық балаларға қарағанда (3,2%-ға қарағанда 4,8%) 1,5 есеге артық. Қалалық және ауылдық балалар арасында 2012 жылғы мәліметтермен салыстырғанда темекі шегудің 1,3 есеге (6,3% -дан 4,8%-ге дейін) және 2,2 есеге (7,1%-дан 3,2%-ға дейін) төмендеуі анықталды. 5-ші әлеуметтік зерттеу мәліметтерімен салыстырғанда қалалық жағдайда күн сайын темекі шегетін балалардың үлесі 1,4  есеге  (44,4%-дан 30,8%-ға дейін), ауылда - 1,2 есеге (18,1%-дан 15,2%-ға дейін) азайғаны байқалады. Темекі індетінің құрбандары еңбекке қабілетті 18-55 жастағы ер адамдар мен ұрпақ өрбітуге қабілетті 15-49 жастағы әйелдер. Ерекше қауіп-қатерді жасөспірімдер мен жастардың темекі мен қорқорды қатар шегуі тудырады.
ДДҰ-ның темекіге қарсы күрес жөніндегі негіздемелік конвенциясына сәйкес барлық мүдделі тараптардың міндеті қазіргі және болашақ ұрпақты адам денсаулығын бұзатын себеп-салдардан, сондай-ақ темекіні тұтынудың әлеуметтік, экологиялық және экономикалық салдарынан, темекіні тұтынудың таралуы мен темекі түтінінің әсерін үнемі және айтарлықтай шектеу үшін ұлттық, өңірлік деңгейде темекіге қарсы күрес жөнінде тиісті шаралармен қамтамасыз ету арқылы темекі түтінінің әсерінен қорғау болып табылады.
2016 жылы Дүниежүзілік темекісіз күні себебі бойынша Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен темекіге қарсы күрес жөніндегі негіздемелік конвенциясының хатшылар алқасы барлық елдерді темекі бұйымдарын қарапайым (стандартталған) қорапқа салуға дайындалуға шақырады.


Шолпан Тайжанова
Облыстық денсаулық сақтау
басқармасының баспасөз орталығы