"Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жуалы аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
0
Құрметті денсаулық саласындағы барша қызметкерлер!!!

Ұлттық мереке – Республика күні құтты болсын !
25 қазан – мемлекетіміз үшін тарихтағы ең маңызды күндердің бірі. Өйткені, 1990 жылдың дәл осы күні Еліміздің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданды.
Шын мәнінде, бұл еліміздің тәуелсіздікке жасаған алғашқы қадамы еді.
Декларацияда еліміздің егемендігі жарияланып, Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негіздері жарияланды. Онда тұңғыш рет территорияның тұтастығы, бөлінбейтіндігі және мызғымастығы қағидалары бекітілді.
Осы айтулы мерекемен Сіздерді шын жүректен құттықтаймыз!!!
Басымызға бейбіт аспан, келісім мен тұрақтылық тілеймін, әр шаңырақта бақыт пен береке орнасын! Сіздерге дендеріңізге саулық, жүректеріңізге мейірімділік және жұмыстарыңызға сәттілік тілейміз!!!
Осы мерекеге орай Жуалы аудандық орталық ауруханасының перзентхана бөлімінде бас дәрігердің бастауымен және перзентхана бөлімінің меңгерушісі Ашилова З., кәсіродақ ұйымының төрағасы Утепов Н. қолдауымен босанған аналарға ақ тілек білдіріп , сыйлықтар табысталды