"Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жуалы аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
0
Жуалы ауданында салынып жатқан 5 адамды қабылдайтын Жылыбұлақ медициналық пунктінің жалпы сметалық құны - 98 251 мың теңгені құрайды
Құрылыс ағымдағы жылдың тамыз айында басталған. Бүгінде оның негізгі құрылымы бітіп, ішкі және сыртқа әрлендіру, салу жүмыстары жүргізілуде. Қызыларық ауылдық округі Сұрым ауылында 5 келушіге арналған медициналық пункті ғимараты салынуда. Жобалаушы мекеме - «Бақыт таңы» ЖШС. Бас мердігері - «НұрТұрсын» ЖШС. Құрылыстың басталуы - 23.08.2023ж. Құрылыстың ұзақтығы - 4 ай. Сметалық құны - 115 272 мың теңге. Ғимараттың жалпы ауданы - 103,90 кв/м. Жер телімінің жалпы ауданы - 0,15 га. Тұрғылықты халық саны - 327 адамды құрайды. Жуалы ауданының Теріс елді мекеніне 10 келушіге арналған фельдшерлік-акушерлік пункті ғимараты салынуда. Жобалаушы мекеме «BS Archi Group» ЖШС Бас мердігері «Қаратау құрылыс» ЖШС Құрылыстың ұзақтығы - 3,5 ай. Сметалық құны - 184 000 мың теңге. Жер телімінің ауданы - 0,20 га Тұрғылықты халық саны - 920 адамды құрайды.