"Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жуалы аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
0
ДДСҰ-ның елдік кеңсесі Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, АҚШ-ның халықаралық даму агенттігінің – USAID

ДДСҰ-ның елдік кеңсесі Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, АҚШ-ның
халықаралық даму агенттігінің – USAID қолдауымен инфекциялық бақылауды жақсарту және инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша кластерлік тренингтер сериясын бастаған болатын. Тренингке Қазақстанның барлық аймақтарынан аурухана эпидемиологтары, ЖИТС орталықтарының қызметкерлері қатысады.
Тренингтің мақсаты – инфекциялар профилактикасы және инфекциялық бақылаудың (ИПИБ) маңызды құрамдас бөліктері бойынша ДДҰ құралын пайдалана отырып, аурухана эпидемиологтарының білімдері мен практикалық дағдыларын жетілдіру болып табылады.

ҚР Вице-министрі, Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова (ИПИБ) саласындағы медицина қызметкерлерінің әлеуетін арттырудың маңыздылығын айта келе: «Қазақстандағы медициналық ұйымдарда инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – сапалы медициналық көмек көрсетудің басым бағыттарының бірі» - екендігін атап өтті.
Алғашқы тренинг 30 қазан мен 3 қараша аралығында Астана қаласында өтті. Аталған тренингке Жамбыл облысынан Жуалы аудандық орталық ауруханасының эпидемиолог дәрігері Е.М.Амирова қатысып, біліктілігін арттырды.