"Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жуалы аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
0
ҚЫЗЫЛША АУРУЫ БОЙЫНША ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙДЫ ТҰРАҚТАНДЫРУ ШАРАЛАРЫ

ҚЫЗЫЛША АУРУЫ БОЙЫНША ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙДЫ ТҰРАҚТАНДЫРУ ШАРАЛАРЫ: Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2023 жылғы 1 қарашадағы № 7 қаулысына сәйкес ағымдағы жылдың 6 қарашасынан бастап қызылшаға, қызамыққа және паротитке (ҚКП) қарсы 6 айдан -10 ай 29 күндік

балаларға, қызылшаның егу мәртебесіне қарамастан қосымша жаппай иммундау (ҚЖИ) жүргізілуде.
Serum Institute of India Ltd компаниясының ҚПҚ екпесін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сертификаттаған және оны әлемнің 70 елінде қолданады. Оның ішінде Еуропа елдері де бар. Екпенің құрамында әлсіреген микроорганизмдер, яғни ауру қоздырғыштары болғандықтан, бұл тірі екпелер тобына жатады. Екпенің мұндай құрамы қажетті иммундық қорғаныс қалыптастыруға көмектеседі және балаға осы үш аурудың бірі жұқса, ауыр асқынудан қорғайды.
Жуалы ауданы бойынша:
жас аралығы 6 айдан - 10ай 29кунге дейін 516 балаға қаулыға сәйкес қосымша екпе салыну керек, бүгінгі күні 47 балаға екпе салынып, осы бағытта жұмыстар жалғасуда. Облыс орталығынан АОА-ға 600доза вакцина жеткізіліп ауданымыздың емдеу мекемелеріне таратылды.