Жуалы орталық ауруханасының қызметкерлері арасында 2024 жылдың 24 қаңтарында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы» мәдениетті қалыптастыруға арналған жиналыс өтті. Жиналыс барысында қызметкерлер жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасымен, заңдармен танысты, жан-жақты мағлұмат алды. Ауруханамыз бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.
Сонымен қатар, арухананың бас дәрігері Б.Б.Усенбаев бүгінгі таңда басты назар сыбайлас жемқорлықтың алдын- алу, сыбайлас жемқорлықтың салдары, сыбайлас жемқорлықтың қоғам өмірінің түрлі салаларына тигізетін кері әсері туралы мәселелерінде екендігін атап өтті .
Және де сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, онда тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call- орталығына хабарласа алатындықтарын естеріне салды. #ЖуалыАОА #ЖуалыЦРБ Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы
https://crbjualy-zhambylzdrav.kz/novosti-kz/807-zhualy-ortaly-aurukhanasyny-yzmetkerleri-arasynda-2024-zhyldy-24-a-tarynda-sybajlas-zhem-orly-a-arsy-m-denietti-alyptastyru-a-arnal-an-zhinalys-tti-2.html#sigFreeIdbd7b1ec77d