"Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жуалы аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
0
Жуалы аудандық орталық ауруханасы

Жуалы аудандық орталық ауруханасы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның мемлекеттік медициналық қызметтерді көрсетуге арналған лицензиясы негізінде қызмет ететін заңды тұлға. 44 231 халыққа қызмет көрсетеді.

Жуалы ауданының ауыл тұрғындарына медициналық қызметі: 111 төсек орны бар стационар, клиникалық - диагностикалық зертхана, 250 келішуге арналған емхана, 4-ші дәрежелі шұғыл көмек көрсету бөлімі, 8 ауылдық дәрігерлік амбулатория, 4 фельдшерлік - акушерлік пункт, 34 медициналық пункт көрсетеді.

Сонымен қатар, 1 жылжымалы медициналық кешен автобусы, 10 УАЗ маркалы санитарлық көлік, 2 ларгус көлігі, 1 реамобиль көліктері бар.

Жуалы аудандық орталық ауруханасында жалпы 678 адам қызмет атқарады, оның ішінде 76 дәрігер, 342 мейірбике, 124 тазалықшы және 115 басқа да қызметкерлер бар.

Жуалы аудандық орталық ауруханасының клиника-диагностикалық зертханасына 2022-2023 жылдарда замануи 5 анализатор алынды.

Денсаулық сақтау жүйесі - қоғамның әлеуметтік өмірінің ең маңызды саласы. «Дені сау ұлт - мықты мемлекеттің негізі.. Елімізде сапалы қызмет көрсететін емханалар мен ауруханалар бой көтеруде.

Осы орайда 2023 жылы Жуалы ауданында бірнеше медициналық нысандар пайдалануға берілді. Атап айтқанда:

- Билікөл ауылдық округі Жылыбұлақ ауылында медициналық пункт

- Жаңа Терс медициналық пункт

- Жуалы аудандық орталық ауруханасына қосалқы құрылыс «ТРИАЖ» ғимараты.