"Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жуалы аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
0
Жамбыл облысының дәрігерлері жаңа автокөліктердің кілттерін алды

Материалдық - техникалық базаны нығайту мақсатында өңірдің медициналық мекемелерінің автопаркі жаңа техникамен толықтырылды. Санитарлық автокөліктің кілттерін беру рәсіміне Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жанар Оспанова, медицина мамандары, қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Е.Қарашөкеев өзінің құттықтау сөзінде өңірде медицина саласына көп көңіл бөлінетінін және оны дамыту үшін жан - жақты қолдау көрсетілетінін атап өтті.

Шұғыл көмек көрсету үшін біз санитарлық көлікті жаңартып жатырмыз. Облыс үшін 40 машина бөлінді. Көліктің негізгі бөлігі ауылдық елді мекендерге бағытталатын болады. Менің ойымша, енді сіздердің жұмыстарыңыз біршама жеңілдейді, өйткені жедел жәрдем жаңа техникамен жабдықталған. Қиын әрі өте жауапты жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін, - деді Ербол Шырақпайұлы.

Жедел жәрдем көліктерінің кілттері - облыстық, қалалық және аудандық ауруханалар мен емханаларға берілді.

Ж.Оспанованың айтуынша, автокөліктердің жалпы құны - 758,0 млн. теңгені құрайды. Lada Granta KUB «Медициналық қызмет» және Lada Niva kub «Медициналық қызмет» автомобильдері науқастар мен зардап шеккендерге шұғыл көмек көрсетуге мүмкіндік беретін барлық қажетті жабдықтармен жабдықталған. Сондай-ақ биыл 660,0 млн.теңге сомасына қосымша 30 бірлік санитарлық автокөлік сатып алынады.