Жуалы аудандық орталық аурухананың мәжіліс залында террористік тұрғыдан осал обьектілер тізібесіне енгізілуіне байланысты мекеме қызметкерлерімен террористік сипаттағы қауіп қатердің алдын алу және шұғыл әрекет ету жөніндегі іс - қимылдарға денсаулық сақтау мекемесіндегі қызметкерлерімен күзет қызметкерлерінің дайындығы, обьектіде болуы мүмкін террористік қауіптің салдарын жоюға бағытталған іс шаралар бойынша арнайы сабақ өткізілді. Сабақ барысында терроризм актілерін дайындау, жасау белгілерін анықтау, хабарлау бойынша түсіндіру жұмыстары қызметкерлерге айтып түсіндірілді.Сабақты қортындылаған бас дәрігер Б.Усенбаев мекемедегі негізгі кіреберістерде (шығуларда) кіріп шығатын автокөліктер не болмаса жеке адамдардың кіріп шығуын жіті бақылауға алуды және жұмыс орнында не болмаса аурухана аумағында әр қызметкердің қырағы болуын, қандайда бір күдікті заттарды байқағанда қандай іс - әрекет жасау керектігі туралы іс-қимыл алгоритмдері түсіндірілді.