"Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жуалы аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
0
Жамбыл облысында жұқпалы патологияның өзекті мәселелері талқыланды

#Repost @densaulyk.zhambyl with @use.repost
Бүгін бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасарлары, инфекционист дәрігерлер мен облыстағы барлық емдеу мекемелерінің стационар эпидемиологтарының қатысуымен «Жұқпалы патологияның өзекті мәселелері» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Спикерлер ретінде медицина ғылымдарының докторы, Астана қ.медицина университетінің профессоры, ҚР ДСМ бас штаттан тыс балалар инфекционисті, республикалық инфекционист дәрігерлер қоғамының төрағасы Динагүл Баешева және медицина ғылымдарының докторы, Астана қ. медицина университетінің профессоры, ҚР ДСМ бас штаттан тыс инфекционисті Бақыт Көшерова шақырылды.
Конференцияға қатысушылар алдында Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жанар Оспанова кіріспе сөз сөйледі.
Құрметті Динагүл Аяпбекқызы мен Бақыт Нұрғалиқызы және әріптестер! Шақыруды қабыл алып, ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысқандарыңыз үшін алғысымды білдіремін», - деді Жанар Мықтыбекқызы.
– Жамбыл облысының денсаулық сақтау органдары мен ұйымдарының негізгі міндеттерінің бірі – медицина ғылымы мен технологиясының заманауи жетістіктеріне, жаңа диагностикалық және емдеу технологияларына сәйкес білікті медициналық кадрлармен сапалы медициналық көмек көрсету болып табылады.
Науқастарды емдеу жұмысы – жаңа тәсілдер мен әдістемелерді талап етеді, сондықтан кадр әлеуетінің кәсіби деңгейін үнемі жетілдірген абзал.
Басқарма басшысы атап өткендей, Жамбыл облысы инфекциялық аурулардың өте жоғары деңгейі бар өңір болып табылады, бұл оның аумағында оба мен туляремия, сібір жарасы және Конго-қырым геморрагиялық қызбасы, лейшманиоз сияқты аса қауіпті инфекциялардың белсенді түрде кеңейіп жатқан табиғи ошақтарының болуына байланысты.
Біздің облыста конференция өткізу – өңірлік мамандарға тақырып бойынша сапалы материалдарды талқылауға жақсы мүмкіндік болады, соның нәтижесінде практикалық жұмыста және медицина қызметкерлерін даярлауда өз тәжірибелерін пайдаланатын болады. Баршаңызға жемісті жұмыс пен конференцияның сәтті өтуін тілеймін! - деп атап өтті Ж.Оспанова.