"Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жуалы аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
0
Жуалы аудандық орталық ауруханасында жер сілкінісінің басталғаны туралы Азаматтық қорғаныстың

2024 жылығы 23 ақпан күні 11 сағат 00 минутта Жуалы аудандық орталық ауруханасында жер сілкінісінің басталғаны туралы Азаматтық қорғаныстың «Баршаңыздың назарына» құлақтандыру сигналы қосылды.Оқу жаттығу жұмысының жоспарына сәйкес мекемеде сейсможаттығу өткізу іс жоспары дайындалып қызметкерлерге қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша тиісті нұсқаулықтар берілді.Аурухана аумағында қызметкерлер мен келушілер жиналатын алдын ала қауіпсіз орын дайындалды.Құлақтандыру сигналы қосылысымен аурухана және емхана қызметкерлері, келушілер түгелдей эвакуациялық шығу есіктері арқылы сыртқа шығарылды.Сыртқа шыққан қызметкерлерді әр бөлім бойынша түгендеу жұмыстары жүргізілді.Оқу жаттығу барысында қызметкерлердің жер сілкінісі кезінде практикалық іс-қимылдар мен дұрыс жүріп тұрудың, қауіпсіз жерлерге жасырыну бойынша практикалық тәсілдері жетілдірілді.