"Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жуалы аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
0
«Вакцинамен меңгерілетін инфекциялардың өзекті мәселелері мен шешу жолдары» тақырыбында тәжірибелік семинар сабақтарын жүргізді

Бүгін Жамбыл облысы әкімдігі ДСБ басшысының бұйрығына сәйкес «Вакцинамен басқарылатын инфекциялардың өзекті мәселелері мен шешу жолдары» мәселелері бойынша 2024 жылдың наурыз айының 11-12 күндері Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас эпидемиологы Г.Қ.Мирзабекова және денсаулық сақтау басқармасының бас маманы М.Т.Джумабаев Жуалы аудандық орталық ауруханасының медицина қызметкерлеріне «Вакцинамен меңгерілетін инфекциялардың өзекті мәселелері мен шешу жолдары» тақырыбында тәжірибелік семинар сабақтарын жүргізді. Семинар сабаққа Жуалы аудандық орталық ауруханасының иммунопрофилактикаға жауапты барлық медицина қызметкерлері қатысты.