https://crbjualy-zhambylzdrav.kz/novosti-kz/843-t-rmysty-sybajlas-zhem-orly-ta-yryby-ayasynda-t-sindirme-zh-mysyn-zh-rgizd.html#sigFreeId8398d05b7d
2024 жылдың 19 наурызында Жуалы аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Усенбаев Б.Б. және комплаенс офицер Сейсенбаев А.С. аурухананың бөлім менгерушілерімен және әкімшілік бөлімінің қызметкерлерімен «Тұрмыстық сыбайлас жемқорлық» тақырыбы аясында түсіндірме жұмысын жүргізді. Ондағы мақсат – сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, заң бұзушылықтарға жол бермеу.
Жиында сыбайлас жемқорлық – қоғамдағы ең қауіпті әлеуметтік құбылыстардың бірі екені және сыйлық беру немесе сыйлық алу қылмысқа жататыны айтылды. Сонымен қатар құқық бұзушылық орын алған жағдайда шағымды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің тұрғылықты жері бойынша аумақтық департаментінің пошталық мекен-жайына (жазбаша), eGov.kz электронды үкімет порталында (онлайн, электрондық цифрлық қолтаңба қажет) және де тәулік бойы жұмыс істейтін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бірыңғай Сall-орталығы 1424-ке қоңырау шалуға болатыны жеткізілді.