КЕНЕ КЕСАПАТЫНЫНАН САҚТАНЫҢЫЗ!
Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы – табиғи-ошақтық аса қауіпті жұқпалы ауру. Індеттің табиғаттағы негізгі резервуары мен көзі – иксод кенелері.
Вирустың уақытша резервуары – жануарлар. Ауруды жұқтыру қаупі ауру тасымалдаушы иксод кенелерінің көбеюіне тікелей байланысты. Олардың белсенділігі көктем-жаз айларында (сәуір-қыркүйек) арта түседі. Кенелер негізінен далалық жерлерде, бұталы өсімдіктердің басында, мал жайылымдарында, мал қораларында кездеседі.
Аурудың жұғу жолдары: иксод кенелерінің шағуы арқылы трансмиссивті жолмен, кенені жалаң қолмен жұлғанда, қой қырқыны кезінде кенелерді абайсызда қиып жіберу, езіп тастау немесе кененің қаны арқылы терінің зақымдалған бөліктерінен, адамнан адамға Конго-Қырым геморрагиялық қызбасымен ауырған науқастың қаны арқылы, медициналық көмек көрсету, науқас күтімі кезінде, зертханаларда еңбек қауіпсіздігі ережелері сақталмаған жағдайда ауа тамшылары арқылы жұғады.
Осыған орай Жуалы ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі аппаратының басшысы Рәтбек Күсембаевтың төрағалығымен Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының эпидемиологиялық кезеңінде тұрғындарды қорғау мақсатында әдістемелік көмек көрсету жөнінде семинар өтті.
Семинарда облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары, инфекционист-дәрігер Талғат Шымырбаев кененің адамды шаққанда дәрігерге бірден қаралу және вирустың жұғу жолдарынан сақтану керектігін кеңінен баяндады.
Сонымен қатар семинарда сөз алған облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы Күмісбек Рахимов жиынға келген ауыл әкімдеріне, мектеп директорларына, балабақша меңгерушілері мен ветеринария мамандарына халықпен кездесулерді осы кезеңде жиі өткізуді және мектеп оқушыларынан диктанттар алып, түсінік жүргізуді, кене қаптаған аймақты дезинфекциялық жолдармен дәрілеу керектігін айтты. Ал, «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМҚ Жамбыл облысы бойынша филиалы аса қауіпті инфекциялар зертханасының меңгерушісі Акмарал Жарылқасынова аса қауіпті инфекциялар бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізгенде биологиялық қаупсіздік шараларын сақтау жөнінде, яғни науқас адаммен байланыс орнатқанда, одан қан сынамаларын алып, тасымалдағанда био қауіпсіздік
Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы