Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасының дәрігерлері диспансерлік есепте тұратын науқастарды қарап, оларға медициналық талдау- сараптау жүргізіп, бірқатарына жаңа нұсқамалар тағайындады.
Бүгін Жуалы аудандық орталық ауруханасына барып қабылдау жүргізген Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасының дәрігерлері диспансерлік есепте тұратын науқастарды қарап, оларға медициналық талдау- сараптау жүргізіп, бірқатарына жаңа нұсқамалар тағайындады.
Онда Момуналиева Айгуль- неврология бөлімшесінің меңгерушісі, штаттан тыс бас невропатолог, Бектенова Асель - кардиология бөлімшесінің меңгерушісі, Зиннулина Асель - эндокринология бөлімшесінің меңгерушісі, штаттан тыс бас эндокринолог дәрігері, Тапаева Бағлан - штаттан тыс бас ревматолог, Аманов Мұхан - штаттан тыс бас ангиохирург дәрігері, Бутинбаев Ғалымжан - кардиохирург қабылдаулар жүргізіп, бір күнде 100-ден астам адамға медициналық кеңестер берді. Ауру белгілері анықталған бірқатарына облыстық ауруханаға емделу үшін жолдамалар берілді.