https://crbjualy-zhambylzdrav.kz/novosti-kz/847-marat-zh-man-lov-basta-an-d-rigerler-toby-meditsinaly-statsionarly-yzmetti-sapasyn-arttyru-ony-zh-mysyn-zha-sartu-bojynsha-zhualy-audanyna-is-saparmen-keldi.html#sigFreeId0cdc42b102
Облыстық көпбейінді ауруханасының дәрігерлері Жуалы ауданында болды
Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқарма басшысының «Облыс бойынша денсаулық сақтау саласындағы үйлестірушілерді бекіту туралы» 5 ақпан 2024 жылғы № 58 бұйрығын орындау мақсатында Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасының бас дәрігері Марат Жұманқұлов бастаған дәрігерлер тобы медициналық – стационарлық қызметтің сапасын арттыру, оның жұмысын жақсарту бойынша Жуалы ауданына іс-сапармен келді.
Іс-сапар барысында Марат Жұманқұлов стационарлық ем қабылдап жатқан науқастармен тілдесіп, аурухана жұмысымен танысып, ішкі талдау-зерттеу, зерделеу жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар Жуалы аудандық орталық аурухананың ұжымымен кездесті. Жиын барысында аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Батырбек Балтабайұлы 2023 жылдың стационарлық көрсетілетін қызмет түрлері бойынша баяндама жасады.