"Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жуалы аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
0
Қауіпсіздік Сағаты

2024 жылдың 19 сәуір күні, сағат 12:00 - де мектептің мәжіліс залында "ҚАУІПСІЗДІК САҒАТЫ" жобасы аясында кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы зорлық - зомбылықтың, кибербуллингің, жыныстық тиіспеушіліктің, зиянды заттарды пайдаланудың алдын- алу бағытындағы ата- аналардың құқықтық сауаттылығын арттыру, саналы ата- ана мәдениетін қалыптастыру мақсатында ата-аналар жиналыс өтті. Жиналысқа Жуалы аудандық тарихи –өлкетану музейінің ғылыми қызметкері Д.Байдалиев, Жуалы АПБ-нің ЖПҚбҚТ УПИ полиция майоры Н.Базарбеков, «Сенім» ЖДО психологы В.Сейтаева қатысты. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Жапаркулова «Құқықтық тәрбие берудегі ата-ананың жауапкершілігі» тақырыбында баяндама оқыды. Педагог-психолог Қ. Сыздықбаева ата-аналармен тренинг жүргізді. Мектеп директоры М.Бейшенов жиналысты жүргізіп, қорытындылады. Ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.