"Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жуалы аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
0
Дені сау ұрпақ - ұлт болашағы!

Аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысының №4 хаттамасының 3.2 тармағына сәйкес жасөспірім ұлдар арасында "Дені сау ұрпақ - ұлт болашағы!", қыздар арасында "Қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі!" және ата-аналар арасында "Бал қауіпсіздігі – қоғамның басты міндеті" тақырыптарында өткізілетін 2024 жылы сәуір айының 1 мен 30 аралығына Жуалы аудандық орталық ауруханасының, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жуалы ауданының білім бөлімінің және КММ «Жастар ресурстық орталығының» келісілген және аудан әкімінің орынбасары А. Ахметованың іс-шаралар жоспары бекітілді. Осы жоспарға сәйкес 2024 жылдың 26 сәуірінде Қошқарата ауылдық округінде орналасқан Абай орта мектебі мен жасөспірім ұлдар арасында "Дені сау ұрпақ - ұлт болашағы!", қыздар арасында "Қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі!" және ата-аналар арасында "Бала қауіпсіздігі – қоғамның басты міндеті" тақырыптарында жиналыстар өткізілді.