Аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысының №4 хаттамасының 3.2 тармағына сәйкес жасөспірім ұлдар арасында "Дені сау ұрпақ - ұлт болашағы!", қыздар арасында "Қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі!" және ата-аналар арасында "Бал қауіпсіздігі – қоғамның басты міндеті" тақырыптарында өткізілетін 2024 жылы сәуір айының 1 мен 30 аралығына Жуалы аудандық орталық ауруханасының, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жуалы ауданының білім бөлімінің және КММ «Жастар ресурстық орталығының» келісілген және аудан әкімінің орынбасары А. Ахметованың іс-шаралар жоспары бекітілді. Осы жоспарға сәйкес 2024 жылдың 22 сәуірінде Шақпақата ауылдық округінде орналасқан Қ. Сағындықов орта мектебінде, Амангелді орта мектебінде және Ынтымақ негізгі мектебінде жасөспірім ұлдар арасында "Дені сау ұрпақ - ұлт болашағы!", қыздар арасында "Қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі!" және ата-аналар арасында "Бала қауіпсіздігі – қоғамның басты міндеті" тақырыптарында жиналыстар өткізілді. Іс – шараға, КТІжОҚҚЖК мүшелері, аудандық орталық ауруханасының гинекологі Махмудова , психиатр-нарколог дәрігері З.Бердіхожаева, «Сенім» ЖДО мамандары Сейтаева В.С, Юлдашева «Сенім» ЖДО медбикесі Шоқатова Г, мектеп психологтары мен әлеуметтік маман, «Жастар ресурстық орталығы» КММ психологі Н.Мақтабаева және 8-11 сынып жетекшілер де қатысты. Іс-шара барысында білім алушыларға оқушылардың өсуі мен олардың өз денсаулығына жауапты көзқарас қалыптастыру керек екендігі, қазіргі және болашақ жасөспірімдердің ата-аналарына, өскелең ұрпақпен жұмыс жасайтын мамандар үшін де, балаларды тәрбиелеу мен оқытуға атсалысатын барлық қамқоршы ересектер үшін де оқуға пайдалы үн парақтар мен мәліметтер кеңірек айтылып өтілді.
https://crbjualy-zhambylzdrav.kz/novosti-kz/867-yz-t-rbiesi-lt-t-rbiesi-11.html#sigFreeId7961207bfe