"Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жуалы аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
0
Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруының алдын алу

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы (ККГЛ) – адамның кене шағуы арқылы таралатын табиғи ошақты жіті жұқпалы ауруы. Жамбыл облысы ҚКГЛ табиғи ошақтарына жатады. Кене белсенділігінің маусымы ауа-райын ескере отырып, наурыз-сәуір айларынан басталады және қазан-қараша айларына дейін жалғасады.

Инфекцияның негізгі көзі – иксодты кенелер, олар вирусты трансмиссивті жолмен таратады және вирустың сақтаушылары мен аурудың тасымалдаушылары болып табылады.

Табиғаттағы ККГЛ тасымалдаушылары – әртүрлі кеміргіштер, үй жануарлары және жабайы жануарлар (ірі қара, жылқы, ит, шошқа), сондай-ақ вирусты өмір бойы сақтап, ұрпақтарына беретін кенелер болып табылады.

Ауыл шаруашылығы өндірісімен айналысатын адамдарда сырқаттанушылық жоғары болады.

Инкубациялық кезең екі аптаға дейін созылады. Оның негізгі көріністері – дене температурасының жоғарылауы, бас және бұлшықет ауруы, бас айналу, мойынның ауыруы, арқа немесе бел ауруы, көздің қабынуы және фотофобия, құсу, диарея, геморрагиялық бөртпе, терідегі қан кетулер,сондай-ақ, қызыл иектен, мұрыннан, құлақтан, жатырдан, асқазаннан және ішектен қан кету болып табылады.