ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агентігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Д.Омаровпен Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ж.Оспановамен бекітілген «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлық» жобасы аясында Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасында «Адалдыққа бір қадам» атты жобасын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарыын орындау барысында Жуалы аудандық орталық ауруханасында келесі іс шаралар атқарылды:
- Жуалы аудандық орталық ауруханасы мен емханасына келушілер мен ем алушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы арнайы әзірлеген брошюралық материалдар таратылды.
- Жуалы аудандық орталық ауруханасының қызметкерлерінің ватсап чаттарына алаяқтық және 1424 call – орталығы туралы бейнероликтер жолданды.
- Жуалы аудандық орталық ауруханасының қызметкерлерінің әлеуметтік желідегі парақшаларына ақпараттық мақала жарияланды.
- Жуалы аудандық орталық ауруханасы мен емханасының кіре берістерінде және ғимарат ішіндегі көрнекі орындарға 1424 call – орталығы туралы жадынама және сенім телефондарының номерін орналастырылды (фото есеп бар).
- Жуалы аудандық орталық ауруханасының қызметкерлерінің арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы әлеуметтік сауалнама жүргізілді.
- Жуалы аудандық орталық аурухананың ресми сайтында Агенттіктің ресми сайтына сілтеме жіне 1424 call – орталығы туралы ақпарат орналастырылды.
- Жуалы аудандық орталық ауруханасында 2024 жылдың 5 сәуірінде «Ашық есік күні» акциясы өткізілді. Акция барысында ем қабылдаушыларды, келушілерді және аурухана қызметкерлерін Жуалы аудандық маслихатының депутаттары Е.Абдуваитов және Қ.Байрамов қабылдап, консультативтік кеңес беріп, сұрақтарына жауап берді.
https://crbjualy-zhambylzdrav.kz/novosti-kz/878-sybajlas-zhem-orly-a-arsy-volonterly.html#sigFreeIdec219a012b