Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқарма басшысының бұйрығын орындау мақсатында, «Балаларды корғау күніне» орай Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасының дәрігерлер тобы медициналық – стационарлық қызметтің сапасын арттыру, оның жұмысын жақсарту бойынша Жуалы ауданына іс-сапармен келді.
Облыстық көпбейінді балалар ауруханасының бас дәрігерінің емдеу ісі бойынша орынбасары Мәулім Қазиұлы бастаган дәрігерлер тобы Валиев Ю.Б. - хирург, Оспанов Р. С.- травмотолог-ортопед, Жубаткан Е. А. - кардиолог, Болысбеков Е. Б. - нефролог, Алдешева Д. Б. - пульмонолог, Балықбаева А. - невролог қабылдау жүргізді.
Іс-сапар барысында Жуалы аудандық орталық ауруханасының ұжымымен кездесті. Жиын барысында аудандағы бала денсаулығын жақсарту және аз инвазивті лапароскопиялық оталарды жасау мәселелері талқыланды. Есепте тұратын 62 балаға медициналық кеңес берілді.
https://crbjualy-zhambylzdrav.kz/novosti-kz/883-oblysty-k-pbejindi-balalar-aurukhanasyny-d-rigerleri-zhualy-audanynda-ashy-esik-k-nin-tkizdi.html#sigFreeIdcf253d88c9