Бүгін «1 маусым - Балаларды қорғау күніне» орай, Жуалы аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Б.Б.Усенбаев және кәсіптік одағы төрағасы Н.Ж.Утепов ұйымдастыруымен саябақта балаларға сурет салғызып, бүлдіршіндерге аурухана тарапынан сыйлықтар табысталды.
1 маусым күні 4 нәресте аудандық перзентханада дүние есігін ашты. Туылған нәрестелердің аналарына дәрігерлер жылы лебіздерін білдіріп, арнайы сыйлық табыстады.
Аспанымыз ашық болып, бүлдіршіндеріміздің балалық шағы шаттыққа, қуанышқа толы болсын. #ЖуалыАОА #ЖуалыЦРБ
Балалар – мемлекетіміздің болашағының кепілі