"Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жуалы аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
0
2024 жылы Жуалы ауданында құрылысы салынатын медициналық нысандар

2024 жылы «Қуатты өңірлер» бағдарламасы шеңберінде Жуалы ауданының бес елді мекенінде алғашқы медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру мақсатында құрылыс жұмыстары басталды.
Олар: Жуалы ауданының Қарабастау ауылында 15 келушіге арналған фельдшерлі акушерлік пункт ғимараты – келісім шарт құны – 285890,01 мың теңге,
Тасбастау ауылында 15 келушіге арналған фельдшерлік акушерлік пунктінің ғимараты келісім шарт құны – 267426,98 мың теңге,
Талапты ауылында 5 келушіге арналған медициналық пунктінің ғимараты - келісім шарт құны – 174532,77 мың теңге,
Ынтымақ ауылында 5 келушіге арналған медициналық пунктінің ғимараты - келісім шарт құны – 178886,49 мың теңге,
Шымбұлақ ауылындарындағы 5 келушіге арналған медициналық пункттердің ғимараты келісім шарт құны – 185942,42 мың теңгені құрады.
Бүгінгі таңда Тасбастау ауылындағы ФАП ғимаратынан басқаларында құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Атап айтқанда іргетастары қаланып, қабырғалары бой көтеруде.
Жалпы жұмыс барысы сапалы және қарқынды атқарылуда.