"Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жуалы аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
0
"Сақтандырылған азамат үшін медициналық көмектің барлық түрі қолжетімді"

Жуалы аудандық орталық ауруханасында облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының бұйрығына сәйкес міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін түсіндіру бойынша құрылған жұмысшы топтың қатысуымен жиын өтті. Оған аурухана қызметкерлері қатысты.

"Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Жамбыл облысы бойынша филиалының халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау бөлімінің басшысы Бурханов Даурен Сарсенбайұлы ортақ жауапкершілік қағидатын ұстанатын жүйенің ерекшеліктеріне тоқталды.

Мемлекет есебінен МӘМС үшін жарна төленетін жеңілдікке ие санат қатарына кімдер кіретініне, олар қандай жағдайда кірмей қалатынына, МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған азаматтар төлемді қалай жасайтыны, жалпы облыстағы жүйеге қатысты жағдай туралы айтты.