Ағымдағы жылдың 18 маусым күні бас дәрігердің бұйрығына сәйкес аудандық орталық аурухананың медицина қызметкерлеріне «менингококкты инфекция» тақырыбында семинар сабақ өткізілді.
Семинарда инфекционист дәрігер А.Қ.Демеуова «менингококкты инфекцияның белгілерін, клиникасын, емін және дифференциалды диагностикасын» егжей тегжейлі баяндап берсе, аудандық балалар дәрігері Қ.А.Сарсенова «балалардағы менингиттың» ерекшеліктерін атап өтті.
Семинар соңында бейнероликтер көрсетіліп, сұрақтар талқыланды. Сонымен қатар семинар сабаққа қатысушы қызметкерлердің білім деңгейін анықтау мақсатында менингококкты инфекция бойынша тестілеу жүргізілді.
https://crbjualy-zhambylzdrav.kz/novosti-kz/893-meningokokkty-infektsiya-ta-yrybynda-seminar-saba-tkizildi.html#sigFreeIdf4c2f2e5c3