"Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жуалы аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
0
Денсаулық сақшылары марапатталды

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аудандық мәдениет үйінде аталып өтті.

Дәрігерлік - қасиетті кәсіп, ізгілікті іс, жауапты да сауапты еңбек. Ажалға араша түсіп, жанға түскен жараның шипасын тауып, азаматтық арына дақ түсірмей жүретін - дәрігерлер екені даусыз.

Ақ халатты абзал жандарға арналған салтанатты шарада аудан әкімі Жалғас Мұртаза құттықтау сөз сөйлеп, бір топ сала майталмандарын марапаттады.
Жуалы аудандық аурухананың бас дәрігері Батырбек Үсенбаев әріптестерді төл мерекелерімен құттықтады. Адам баласын өмірге келген сәтте қабылдап алып, ғұмыр бойы басты байлығы денсаулығының сақшысы болатын дәрігерлерге деген жүрекжарды лебіздерін білдіріп, медицина қызметкерлерін Жуалы ауданының Құрмет грамотасымен және аудандық мәслихаттың, «Аманат» партиясының Алғыс хаттарымен марапаттады.

Мерекелік шара барысында медицина қызметкерлері өз өнерлерін көрсетіп, концерттік бағдарламамен жалғады.