Жуалы аудандық орталық ауруханасының "Сенім" жастар денсаулық кабинетінің психологі В.Сейтаева , медбикесі Х.Аллахвердиева және әлеуметтік қызметкерлері К.Юлдашева, Х.Садулаева Жуалы ауданының №7 өрт сөндіру бөлімі мен төтенше жағдай бөлімінің қызметкерлері арасында "Трансплантология"тақырыбы төңірегінде әсер ететін әлеуметтік және психологиялық факторлары жайында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, пікір алмасты. Және де салауатты өмір салтын ұстану бойынша "Вейп- электронды темекінің зияны", "АИТВ/ЖИТС ауруларының алдын алу" тақырыптарында баяндама оқылып, тақырыптарға сәйкес ақпараттық оқыту құралдары таратылды.
https://crbjualy-zhambylzdrav.kz/novosti-kz/901-zhualy-audandy-ortaly-aurukhanasyny-senim-zhastar-densauly-kabinetini-psikhologi-v-sejtaeva.html#sigFreeId74912f540f