"Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жуалы аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
0
Жуалы ауданы бойынша 2024 жылғы пробация қызметінің есебіндегі азаматтарға арналған «Апталық» іс-шара жоспары аясында

Жуалы ауданы бойынша 2024 жылғы пробация қызметінің есебіндегі азаматтарға арналған «Апталық» іс-шара жоспары аясында, Жуалы аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Б.Б. Усенбаевтың бекітуімен, пробация қызметінің есебіндегі азаматтарға медициналық, әлеуметтік-психологиялық қолдау және көмек көрсету мақсатында іс-шара өткізілді.

Іс-шара барысында әлеуметтік қызметкерлер – К. Юлдашева, Х. Садулаева, К. Тойчибекова дәрігерге дейінгі кабинетте қан қысымын, бойы мен салмағын өлшеп, қант мөлшерін тексерді, ЭКГ түсірді. Сонымен қатар, кардиолог дәрігері А. Тұрыс, эндокринолог дәрігері Ф. Абубакирова, уролог дәрігері Д. Сарыбаев, психолог В. Сейтаеваның қатысуымен «Ашық есік» дәрігерлік қабылдау ұйымдастырылды.

Жуалы ауданы бойынша пробация қызметінің есебіндегі азаматтар арасында жалпы тәжірибелі дәрігер А. Шалқар «Зиянды әдеттердің алдын алу», «Сенім» жастар денсаулық кабинетінің психологі В. Сейтаева «Дұрыс тамақтану» тақырыптарында баяндама оқыды.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру барысында, денсаулық мектебінің медбикесі Л. Мамедова іс-шара барысында бейнероликтер көрсетіп, жоғарыда аталған тақырыптарға сәйкес ақпараттық оқыту құралдарын таратты.