"Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жуалы аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
0
Жуалы орталық ауруханасының қызметкерлері арасында 2024 жылдың 22 шілдесінде жиналыс өтт

Жуалы орталық ауруханасының қызметкерлері арасында 2024 жылдың 22 шілдесінде жиналыс өтті. Жиналыс барысында аурухананың бас дәрігері Б.Б. Усенбаев 2024 жылдың тамыз айының 1-ші жұлдызы мен 31-ші жұлдызы аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетінін және осы талдауды жүзеге асыру үшін арнайы жұмыс тобы құрылғанын хабарлады.

Жұмыс тобының мүшелеріне осы уақыт аралығында тыңғылықты жұмыс істеу, тексеру нәтижесі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерге жататын кемшіліктер мен бұзушылықтарды анықтау тапсырылды.

Сонымен қатар, аурухананың бас дәрігері Б.Б. Усенбаев бүгінгі таңда басты назардың сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, оның салдары және сыбайлас жемқорлықтың қоғам өмірінің түрлі салаларына тигізетін кері әсері туралы мәселелерге аударылып отырғанын атап өтті.