"Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жуалы аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
0
Әлеуметтік нысандар бақылауда

Жуалы аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Батырбек Балтабайұлы «Қуатты өңірлер» бағдарламасы шеңберінде Талапты ауылында 5 келушіге арналған медициналық пунктінің ғимаратының (келісім шарт құны - 174532,77 мың теңге) және де Ынтымақ ауылында 5 келушіге арналған медициналық пунктінің ғимаратының ( келісім шарт құны 178886,49 мың теңге) құрылыс жұмыстарымен танысты; Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстары бойынша мердігерге бірнеше ұсыныстар берілді. Жалпы жұмыс барысы сапалы және қарқынды атқарылуда; Әрбір ауыл тұрғынының денсаулығы ертеңгі болашағымыз! Сондықтан да аталған медициналық пунктердің сапалы соғылып ел игілігіне пайдалануға берілгенге дейінгі және кейінгі жұмыстары үнемі бақылауда