"Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жуалы аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
0
«Дені сау ұрпақ»

Жуалы аудандық орталық ауруханасының профилактика және әлеуметтік - психологиялық көмек көрсету бөлімінің «Сенім» жастар денсаулық кабинетінде «Дені сау ұрпақ» тақырыбында жастар мен жасөспірімдердің арасында «Ашық есік» дәрігерлік қабылдауы ұйымдастырылып өткізілді. Іс шара соңында «Сенім» жастар денсаулық кабинетінің мамандарының ұйымдастыруымен жасөспірімдердің арасында «Мейірімді болса жүрек, орындалар тілек» психологиялық сергіту сәті өткізілді.