Жуалы аудандық орталық ауруханасының профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету бөлімінің «Сенім» жастар денсаулық кабинетінде «Дені сау ұрпақ» тақырыбында жастар мен жасөспірімдердің арасында «Ашық есік» дәрігерлік қабылдауы ұйымдастырылып өткізілді. Іс шара барысында акушер-гинеколог дәрігері Ы. Мырзакулова жасөспірімдер қыздар арасында репродуктивті денсаулықты нығайту мәселелері бойынша Қыз баланың жеке бас гигиенасы Ерте жүктіліктің алдын алу Репродуктивті денсаулық тақырыптарында баяндама оқыды. Салауатты өмір салтын қалыптастыру барысында жеке сұрақтарға жауап беріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
«Дені сау ұрпақ»