"Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жуалы аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
0
«Вакцинацияның Ұлттық күнтізбесіне»

Ағымдағы жылдың 2 қазан күні Жуалы аудандық орталық ауруханасында адам папилломасы вирусына қарсы екпе жұмысы жүргізіліп басталды. ҚР - да «Вакцинацияның Ұлттық күнтізбесіне» сәйкес екпе 11 жастағы қыздарға салынады. Бүгінгі күні ауданымызға АҚШ - та өндірілген АПВ - на қарсы «Гардасил» вакцинасының 288 дозасы әкелінді. Ол АПВ - ның обырды тудыруы мүмкін онкогенді қаупі жоғары 4 типтерінен қорғауды қамтамасыз етеді. Толық қорғанысқа қол жеткізу үшін вакцинаның екі дозасын 6 ай аралықпен алу қажет. Бірінші күні екпе 11 жастағы 10 қызға салынды. Екпеден кейін қыздар 30 минуттық дәрігерлердің медициналық бақылауында болып, жағдайларының жақсы болуына байланысты үйлеріне қайтарылды.

Екпе егу ерікті түрде жүргізіледі және ата - аналардың немесе қыздардың заңды өкілдерінің ақпараттандырылған келісімі арқылы жүргізіледі.