«Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Б. Момышұлы ауылы, С. Бейбарыс көшесі №1 мекенжайда орналасқан Жуалы аудандық орталық ауруханасының қазандығын, 120мм құбыр диаметріне дейін жылумен жабдықтаудың инженерлік желілерін қайта жаңғырту» жұмыс жобасы бойынша жобалау сметалық құжаттамасы әзірленіп арнайы сараптамадан өткізілді. Жобаның жалпы құны 117949,4 мың теңгені құрап отыр. Құрылыс жұмыстарының ұзақтығы - 3 ай.