"Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жуалы аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
0
Республика күні

25 қазан Республика күні - бұл еліміздің мемлекеттілігі жолындағы алғашқы тарихи қадам. 1990 жылғы 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі тәуелсіз Қазақстанның бірінші құқықтық құжаты - Республиканың егемендігі туралы декларацияны қабылдап, Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негізін жариялады. Егеменді мемлекеттіліктің негізгі қағидаттары ретінде мыналар белгіленді: біртұтас мемлекет, аумақтың тұтастығы, бөлінбейтіндігі мен қол сұғылмаушылығы, қазақ халқының және Қазақстанның басқа да халықтарының өзіндік мәдениетін, дәстүрлерін, тілін жаңғырту және дамыту, ұлттық бірегейлікті нығайту. "Енді бұл мейрамды күллі ел болып жаңа мазмұнда атап өтетін боламыз. Қайта жаңғырған Республика күні – бұл халқымыздың рухын көтеріп, елдігімізді нығайта түсетін аса маңызды тарихи қадам".

*Құрметті Жуалы аудандық орталық ауруханасының ұжымы* Осы атаулы күні Отанымыз - Қазақстан Республикасына өркендеу мен амандық тілейміз, халықтың бірлігі, татулығы мен келісімі біздің мемлекеттілігіміздің мәңгілік берік тірегі болсын. Бойларыңыздағы еңбекке адал, мақсатқа берік қасиеттеріңіздің арқасында, бүгінгідей мерейлі сәтте сіздерге ақ ниетпен мықты денсаулық қажымас күш-қайрат,ортаймас нәсіп - дәулет тілейміз. Болашақта толағай табыстарға, мақсатта биік шыңдарға жете беріңіздер, абырой - беделіңіз бен табыс - тартуларыңыз арта берсін. Сіздердің отбастарыңызға атқан әрбір таң тек қуаныш пен шаттық сыйласын, шаңырағыңызға ырыс пен бақ береке қонсын, абырой беделдеріңіз жоғары болуына шынайы тілегімізді білдіреміз. Зор денсаулық, амандық, отбасының бақыты мен берекесі, әулетіңіздің ұлағатты анасы болып, аман есен жүре беріңіздер . Әрдайым жүздеріңіз жарқын, мерейлеріңіз үстем болсын! 2024 жылдың 24 қазан күні - Республика күні мерекесінде орай аудандық орталық ауруханасының кәсіподақ ұйымының мүшелерінің ұйымдастыруымен концерттік іс шара өткізіліп, жуалы аудандық орталық ауруханасының бас дәрігерінің бастамасымен зейнетке шыққан медицина қызметкерлерін марапатау рәсімін өткізді.