Инсульт - бұл артерияның бітелуі немесе тамырдың жарылған қабырғасы арқылы қан құйылу салдарынан миға қанның түсуін тоқтату нәтижесінде жүйке жасушаларының зақымдануы немесе өлуі орын алатын жағдай; бұл ми тінінің зақымдануы және оның функцияларының бұзылуымен қатар жүретін, ми қан айналымының тез дамитын бұзылыстары.
Инсульттің себептері
Инсульттің басты себебі - мидың қанайналымының бұзылуы. Миға қанның келуі толық немесе жартылай бұғатталады. Инсульттің белгілері өте қарқынды дамиды. Ми аймағына канның келуі келесі себептер бойынша тоқтатылуы мүмкін:
✔ тромб, ұйыған қан - миға бөлінетін артерияны бітейді;
✔ мидың ішінде қан құйылады;
✔ ми мен бас қаңқасының арасындағы кеңістікте қан құйылады. Егер аурудың себебі тром болса, онда ол ишемиялық инсульт, егер қан ұйылу болса, геморрагиялық инсульт болады.
Инсульттің даму қаупінің факторлары:
✔ артериялық қан қысымының жоғарылығы
✔ қант диабеті
✔ холестерин деңгейінің жоғарылығы
✔ артық салмақ және семіздік
✔ төмен физикалық белсенділік
✔ шылым шегу
✔ алкогольді шектен тыс қабылдау
Қанайналым жүйесінің ауруларын, оның ішінде инсульттің алдын алуға не көмектеседі?
✔ дер кезінде профилактикалық медициналық тексерулерден өту және диспансеризациялау
✔ артериялық қысымды қадағалау
✔ қауіп факторларын түзету (шылым шегуден бас тарту, алкогольді мөлшермен тұтыну немесе мүлдем бас тарту, қалыпты дене массасын сақтау, үйлестірілген тағам, тұрақты физикалық жаттығулар)
✔ инсульт белгілерін және жеке әрекеттерді, маңында жақын адамдар болған жағдайда олардың әрекеттерінің тәртібін білу
✔ денсаулығы туралы өзбетінше қамқорлықты белсендіру