"Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жуалы аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
0
«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Жуалы ауданы Боранды бекетіне келеді.

Жоба аясында шалғай ауыл тұрғындары тегін медициналық көмек пен құқықтық кеңес ала алады. Б.Момышұлы ауылында қабылдау уақыттары: 2024 жылдың 11 қарашасында сағат 9:00 - 18:00 аралығы.

Айта кетейік, пойыз құрамында 40 маман бар, соның ішінде терапевт, хирург, педиатр, психолог, невропатолог, ультрадыбыстық диагностика маманы, рентгенолог, кардиолог, стоматолог, офтальмолог, отоларинголог, онколог - маммолог, гинеколог және урологтар кіреді. Тегін медициналық - құқықтық кеңес алуға келіңіздер.

Сондай-ақ, медиатор және заңгер өз қызметтерін көрсетеді.