Жүкті, босанушы және босанған әйелдер назарына!!!
Осы белгілердің біреуі немесе бірнешеуі сізде пайда болса, шұғыл дәрігерге немесе 103-ке хабарласыңыз:
- жыныс жолдарынан қан аралас жағынды бөлінсе;
- ішіңізде қатты ауырсыну белгілері пайда болса, тіпті сіз бойыңызды еркін ұстағандада ішіңіздің ауырғаны басылмаса;
- егерде кұлап ішіңізді ауыртып алсаңыз,автокөлік апатына түссеңіз немесе біреу сізді ұрған болса;
- қынаптан көп мөлшерде сұйық бөлінді бөлінсе;
- денеде құрысу белгілері пайда болса;
- бас ауруы пайда болса;
- асқазан тұсы ауырса;
- жүрек айнуы, құсу пайда болса;
- көз көруі бұзылса, қарауыту белгілері байқалса;
- қолдарыңыз, бетіңіз және денеңізде жылдам ісіну пайда болса;
- денеде қышыну пайда болса;
- дене қызуы 37 С градусқа дейін көтерілсе және одан жоғары болса;
- ентігу, жөтел, дененің қақсауы -кіші дәрет кезінде ауырсыну немесе ашу пайда болса;
- жүктілік мерзіміне қарамастан, толғақ белгілері пайда болса;
- ұрық қимылының мінездемесі өзгерсе ( өте жылдам, ауырсынумен, мүлдем қимылдамай қалса )