"Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жуалы аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
0
14 қарашада Жуалы ауданында медицина саласының қызметкерлерімен кездесу өтті.

14 қарашада Жуалы ауданында медицина саласының қызметкерлерімен кездесу өтті. Кездесуге департаменттің превенция басқармасы басшысының орынбасары Қ.Байгебаев қатысты.

Кездесу барысында Қ.Байгебаев заңнамаға енгізілген өзгерістер, квазимемлекеттік мекемелерде комплаенс қызметі аясында атқарылуы тиіс іс-шаралар, тұрғындарға сапалы медициналық көмек көрсетудің маңыздылығы, тұрмыстық жемқорлыққа жол бермеу, сонымен қатар «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының» негізгі бағыттары туралы баяндама жасады. Кездесу соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар берілді.