"Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жуалы аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
0
«Ашық есік» күні

Ағымдағы жылдың 25 қараша мен 05 желтоқсан аралығында әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында «Ашық есік» күнін АОА профилактика бөлімінің ұйымдастыруымен мекеме қызметкерлері арасында өткізді. Іс шара барысында "Сенім" жастар денсаулық кабинетінің психологі В.Сейтаева, Жуалы АПБ-нің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің әйелдерді зорлық зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы полиция майоры Д. Усіпбаев, Жуалы аудандық кеңес беру кабинетінің әлеуметтік психологі А. Дарібаева жұмыс барысы бойынша баяндамаларын оқыды. АОА сөс мамандары тақырыпқа сәйкес ақпараттық оқыту құралдарын таратты. Медицина қызметкерлері арнайы келген мамандарға жеке сұрақтарына жауап алды.