03.12.2024 ж Жуалы аудандық орталық ауруханасының профилактика бөлімінің "Сенім" жастар денсаулық кабинетінің мамандары, Жуалы аудандық кеңес беру кабинетінің мамандары және мектеп ұжымының бірлесе отырып ұйымдастыруымен №29 М.Жұмабаев атындағы орта мектебінің оқушылары арасында "Біз зорлық зомбылыққа қарсымыз", "Құқықбұзушылықтың алдын алу", "АИТВ/ЖИТС ауруының алдын алу" тақырыбында іс шара өткізілді. Іс шара барысында баяндамалар оқылып, слайдтар көрсетіліп, ақпараттық оқыту құралдары таратылды. Іс шара соңында "Сенім" жастар денсаулық кабинетінің психологі В.Сейтаева және Л.Грекова психологиялық сергіту сәтін өткізіп, оқушылардың жеке сұрақтарына жауап беріп, іс шараны қорытындылады.
https://crbjualy-zhambylzdrav.kz/novosti-kz/978-biz-zorly-zombyly-a-arsymyz.html#sigFreeId50dd4b6d0a