“Толық отбасы - бала тәрбиесіндегі маңызы”
2024 жылдың 9 желтоқсан күні “Толық отбасы-бала тәрбиесіндегі маңызы” атты тақырыбында жас отбасылар арасында кездесу өткізілді. “Сенім” жастар орталығының психолог маманы В.Сейтаева және “Жастар ресурстық орталығы” КММ психолог маманы Ж.Ерғалиқызы қатысты. Іс шара барысында Сенім” жастар денсаулық кабинетінің психолог маманы В.Сейтаева жастар арасында " Отбасы құндылықтарын қалыптастыра отырып, отбасына аутодеструктивті мінез құлықтың алдын алу" тақырыбында психологиялық тренинг өткізді. Осы аталған кабинеттің мед бикесі Шоқатова Г. тақырыпқа сәйкес ақпараттық оқыту құралдарын таратты. Әрбір өткізілген сергіту сәттерінен кейін жастар отбасы құндылықтарына және отбасындағы зорлық зомбылықтын алдын алып, жас ұрпаққа дұрыс тәрбие беруге қатысты өз ойлары мен ұсыныстарын айтты.