«Қуатты өңірлер» бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңына Жуалы ауданының Шымбұлақ ауылында аусымына 5 келушіге арналған МП ғимаратының құрылысы аяқталуына байланысты ғимараттың салтанатты ашылу рәсәмі 13.12.2024 жылға жоспарланды.
Жуалы ауданының Шымбұлақ елді мекенінде тіркелген тұрғылықты халық саны 825 адамды құрайды. Құрылысты жүргізген мердігер ЖШС «Синдикап групп», жобаның сметалық құны 121,5 млн. теңгені құрап отыр. Аталған ғимараттың құрылысы халыққа қолжетімді, сапалы және дер кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету мақсатында салынды.
Ғимарат табиғи газбен қамтамасыз етілген. Аудан орталығынан 23 шақырым жерде орналасқан.
https://crbjualy-zhambylzdrav.kz/novosti-kz/986-uatty-irler.html#sigFreeIda9f18520b2