"Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жуалы аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
0
2025 жылы МӘМС үшін қанша төлейміз?

2025 жылы МӘМС үшін қанша төлейміз?

Дербес төлеушілер мен жеке кәсіпкерлерге жарналарды есептеу үшін ең төменгі жалақы есепке алынады. Биыл ол бұрынғы деңгейде қалды, яғни 85 000 теңге. Демек, жарналар мөлшері де өзгермейді.

Сонымен, 2025 жылы МӘМС үшін кім қанша төлейтінін еске салсақ:
• Жұмыс берушілердің аударымдары — қызметкердің табысынан 3%;
• Қызметкерлердің жарналары — табыстың 2%-ы;
• Азаматтық-құқықтық шарттар бойынша жұмыс істейтін жеке тұлғалардың жарналары — табыстың 2%-ы;
• Жеке кәсіпкерлердің, жеке практикамен айналысатын тұлғалардың жарналары — айына 5 950 теңге;
• Дербес төлеушілердің жарналары — айына 4 250 теңге.

Биыл тек біржолғы төлем мөлшері 21,5%-дан 23,8%-ға дейін өзгереді.

МӘМС жарналарын «Қазпошта» АҚ және екінші деңгейлі банктердің кассалары, жылдам төлем терминалдары әрі банктердің мобильді қосымшалары арқылы төлеуге болады.риложения.
#осмстараз#мәмстараз