ФОМС
30 наурыз күні Жуалы ауданы орталық мәдениет үйінде «Әлеуметтік мединицалық сақтандыру қоры» Жамбыл облысы бойынша филиалының халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау бөлімінің басшысы Тұрғын Жігітеков жуалы тұрғындарымен кездесу өтті. Кездесуде мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында көрсетілген «Ақпараттық жүйелерді дамыту арқылы медициналық көмектің қолжетімділігі мен тиімділігін қамтамасыз ету» туралы, сонымен қатар елімізде тұрғындардың емханаларға тіркеу қызметтерін жетілдіру бойынша жұмыс жүргізіліп жатқаны айтылды.
Сенбілік
24 наурыз
Туған жердің тазалығын сақтау, көгалдандыру жұмысымен шұғылдандыру және табиғатты сүюге, қорғауға әр азамат өз үлесін қосу мақсатында Жуалы аудандық орталық ауруханасының Б.Алпысбай бас дәрігердің қатысуымен, 24 наурыз күні орталық аурухананың бау-бақшасында 100 алма ағаштары отырғызылып егілді. Тазалық – денсаулық кепілі деген ізгі ниетті басшылыққа ала отырып, сауабы мол сенбіліктерді жиі ұйымдастырып тұрамыз.